18:23, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан ғаламторы тағы бір сайтпен толықты
АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстанда www.nur.kz деп аталатын ақпараттық ойын-сауық интернет сайты жұмыс істеуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Интернет порталы» ЖШС-не сілтеме жасап. «NUR.KZ порталының ашылуы ? қазіргі кезде түгелдей дерлік ресейлік интернет қорларымен бақыланатын қазақстандық интернет жобалары нарығының дамуындағы елеулі оқиға болып табылады.NUR.KZ порталы соңғы жаңалықтар, заманауи пошта, Googleмен бірлесіп жасақтаған іздеу жүйесі, блогтар, фотохостинг, хабарландырулар қызметі және басқа да көптеген қызмет түрлерін ұсынады.Бағдарламалық қамтамасыз ету мен келбет беларустік ғаламтор нарығының жартысынан көбін алып отырған TUT.BY Беларус порталы тарапынан жүзеге асырылды. NUR.KZ және TUT.BY бірлескен жұмыс тобы NUR.KZ-тің Қазақстандағы әрбір ғаламтор қолданушысының бастама парағына айналып, TUT.BY жетістіктерін қайталайтындығына сенімді. Жаңа портал ақпараттық толтырылуы жағынан 100 пайыз қазақстандық болып табылады, ал жұмыс тобы Алматы қаласында орналасқан», делінген ақпараттық хабарламада.