Қазақстан ғалымдары ауаға парниктік газдың шығарылуын төмендету технологиясын жетілдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ғалымдары ауаға парниктік газдың шығарылуын төмендету технологиясын жетілдірді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің баспасөз қызметі.
None
None

««Ғылым қоры» АҚ гранттық қолдауының арқасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар» ҒЗИ директоры Алтай Әлімғазин бастаған ғылыми топ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісінде дербес және мобильді түрде пайдаланылатын блокты-модульді жылу сорғысын қолданысқа енгізіп жатыр. Жылу сорғысы зерттемесі 2012-ші жылдан бері ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы есебінен жүргізіліп келеді. Технология қалалық инфрақұрылымдардың жылыжайлық газдарын шығару деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді» делінген хабарламада.

Келтірілген мәлімет бойынша, бұл жобаның жаңалығы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған технологиялық идея мен өндірісті іске қосуда жатыр.

«Бүгінгі таңда жылу сорғы құрылғысының пилоттық жобасы Павлодардағы KSP-Steel зауыты базасына енгізілген, 2020-шы жылға қарай коммерциялық табысқа қол жеткізу көзделіп отыр. Елімізде жылу сорғыларын шығару өндірісін реттеу үшін ғылыми топ пен кәсіпорын арасында зауыт аумағында құрастыру өндірісін салу туралы келісім бар» деп жазылған Фейсбуктегі хабарламада.

Ғылыми зерттеме ІТ-жабдықтарды суытуға мүмкіндік береді, оның қатарына майнингтік фермалар да кіреді. Құрылғылардан жылуды бұрып жіберу технологиясына Bitfury көпсалалы блокчейн-компаниясы қызығушылық танытып отыр.

Соңғы жаңалықтар