Қазақстан ғарышқа өз ғарышкерін ұшырады

ғарыш
Фото: Pexels

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Ресеймен бірлескен жоба аясында Қазақстан ғарышкерін ашық ғарышқа шығару мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Біздің бастамамыз бар. Қазіргі кезеңде зерттеу институттарымен бірге қазақстандық зерттеуді бірлесіп жалғастыру мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Олар Халықаралық ғарыш стансасына арналған 6 бағдарлама аясында зертеулер тізімін жасауды жалғастырып жатыр. Ғылыми бағдарлама іріктелгеннен кейін ғана біз Қазақстан ғарышкерін Халықаралық ғарыш стансасына жіберу мерзімін анықтап, жан-жақты мән-жайын айта аламыз», — деді Бағдат Мусин ведомствода өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, ғарышкерді ғарышқа бекерден бекер жібере алмаймыз. Ол үшін ғылыми бағдарлама қажет.

«Қазіргі уақытта бірнеше ғылыми бағдарлама жүргізіліп жатыр. Ол ғылыми бағдарламалар комисия арқылы іріктеп алынады. Бағдарлама іріктелгеннен кейн соған орай ғарышкер таңдалады. Бұл жұмысты қазір бастаймыз. Бүгінде нақты мерзімін айта алмаймын. Өйткені бәрі бюджеттік қаржыландыруға да байланысты», — деді министр.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Қазақстан мен Ресей қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мүмкіндігін талқылап жатқанын жазған еді.

Соңғы жаңалықтар