«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшысы Ғ.Мырзақұлов 12 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұловты қатаң режімдегі түзеу колониясына 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты ҚР ҚК 311 бабы 5-тармағында, 193-бабы 3-тармағының «в» тармақшасында қарастырылған қылмыстарды жасады деп таныды және 7 жыл мерзімге мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті лауазымдарды атқару құқынан айырып, мүлкін тәркілеу арқылы 12 жылға қатаң режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеу үкімін кесті.
Осы іс бойынша тағы бір айыпталушы сот үкімімен Ербол Асылбеков ҚР ҚК 313-бабы 1-тармағында қарастырылған қылмыстарды жасауға кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, процеске қатысушылардың шығарылған үкімге келіспеген жағдайда апелляциялық тәртіппен шағым жасауға құқылары бар.