«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК құрылыс бойынша вице-президенті тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 15 тамызында Рашит Әбдіразақов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК құрылыс бойынша вице-президенті болып тағайындалды. Тағайындау туралы бұйрыққа компания президенті Марат Нұрғожин қол қойды, деп хабарлады Қазғарыш баспасөз қызметі.
Рашит Әбдіразақов 56 жаста, мамандығы құрылысшы-инженер.
2009-2014 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы, күрделі құрылыс департаментінің басшысы, жобалық кеңсе басшысы, Ұлттық ғарыш орталығының салу және пайдалану бойынша вице-президенті болып еңбек еткен.
Соңғы бір жарым жылда Р.Әбдіразақов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК еншілес кәсіпорны «Ғалам» ЖШС «Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық бюросы» жобасы бойынша менеджер болды.