«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы жартыжылдық қорытындысын шығарды

АНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ ұжымында 2009 жылғы жартыжылдық қорытындысы шығарылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ арсеналында үш негізгі ғарыштық жоба бар, өндірістік кеңесте негізгі назар осыларға аударылды.

«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтан барлау ғарыштық жүйесін құру» жобасының атқарылуы бойынша жерүсті кешендерінің Бас орталығы директорының орынбасары Мерғали Әлимағамбетов есепті баяндама жасады.

Есепті кезең ішіндегі екі жобаның - ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін жәнеҚазақстан Республикасының Жерді қашықтан барлау ғарыштық жүйесін құрудыіске асыру бойынша стратегиялық әріптесті таңдау мәселелері бойынша 2008 жылғы желтоқсанның 18-індегі ҚР Премьер-Министрінің өкімімен құрылған бірлескен жұмыс тобының қорытындысы шығарылды.

«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ бірінші жартыжылдықтағы маңызды нәтижелердің ішінде «Ғарыштық көлік жүйесі» Халықаралық ғарыш компаниясы» ЖАҚ құрылтайшысы құрамында компанияның іс-қимылы бойынша жұмыстарын атауға болады. Уәкілетті орган қараған қаржы-экономикалық негіздеме әзірленді. Кеңесті қорытындылай келіп, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ президенті Ғабдоллатиф Мырзақұлов серпінді ғарыштық жобаларды ілгері жылжытуда және жүзеге асыруда Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаевтың ерекше рөлін атап өтті. «ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің құрылуы бұл бағытта нақты жұмыстардың өрістеуіне жол ашты», - деді ол.

Алдағы таяудағы міндеттердің ішінде компания президенті Астанада Ұлттық ғарыш орталығын құру тұжырымдамасын атап өтті.

Жалпы алғанда «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстары қорытындыларын Қазғарыш басшылары мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар