Қазақстан ғарышкерлердің жерге қонуына дайындалып жатыр
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - 2010 жылдың желтоқсан айынан бері Халықаралық ғарыш стансысында жұмыс істеген,
ішінде ресейлікДмитрий Кондратьев, итальяндық Паоло Несполи мен американдық ғарышкер Кэтрин Колман бар «Союз ТМА-20» ғарыш кемесі 2011 жылың 24 мамыры күні жерге қонады деп күтіліп отыр.
Ресей Федерациясы Әскери-әуе Күштерінің ресми өкілі Владимир Дрик баспасөзге хабарлағандай, «Союз» ғарыш кемесінің қауіпсіз жерге қонуын қамтамасыз етуге қатысатын РФ Әскери-әуе күштерінің авиациялық күші мен құралдары бір апта бұрын Қазақстан аэродромына жеткізілген болатын.
«Союз ТМА-20» кемесінің жерге қауіпсіз қонуын, сондай-ақ 2011 жылдың 8 маусымы күні «Байқоңырдан» ұшатын «Союз» ғарыш кемесінің ұшуын қамтамасыз ететін іс-шараларға 250-ге жуық адам, Әскери-әуе күштерінің 20 техникасы, соның ішінде 15 ұшақ пен 10-нан астам тікұшақ қатысады.