Қазақстан Газа секторындағы азаматтарын эвакуациялай бастады

айбек смадияров
Фото: CIM

Қазақстан Газа секторындағы азаматтарын эвакуациялау процесін бастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстанның Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі Елшіліктерінің үйлесімді және нақты іс-қимылының арқасында бүгін отандастарымызды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталды. Бүгін, 13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топтың эвакуациясы жоспарланған. Бұл топқа Қазақстанның 40 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшелері кіреді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстаннан бөлек Марокко, Иордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланд, Ұлыбритания және АҚШ өз азаматтарын эвакуациялайды.

«Рафак бекетінен барлығы 594 адам өтеді деп жоспарланған. Эвакуация Газа секторы мен Мысыр арасында орналасқан Рафак бақылау-өткізу пункті арқылы жүзеге асады. Пунктен өткеннен кейін қазақстандықтар Каирге көлікпен жеткізіліп, қонақ үйге орналастырылады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі. Қазіргі таңда қазақстандық дипломаттар Каирден Рафак пунктіне жолға шықты. Жақын арада, бір сағаттың ішінде жетуі керек», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар