Қазақстан гендерлік сезімталдық әлемдік рейтингісінде 43-орынға түсті - Р. Сәрсембаева

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан гендерлік сезімталдық әлемдік рейтингісінде 43-орынға түсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева мәлім етті.

Қазақстан гендерлік сезімталдық әлемдік рейтингісінде 43-орынға түсті - Р. Сәрсембаева

«Өкінішке орай, Қазақстан гендерлік сезімталдық әлемдік рейтингісінде 43-орынға түсіп кетті. Төрт жыл бұрын біз 32-орында едік. Оның басты себебі бар, бұрын бұл рейтингке тек 136 мемлекет қатысса, бүгінгі таңда 142 ел гендерлік сезімталдық рейтингісіне қатысады», - деді Р. Сәрсембаева.
Оның сөзіне қарағанда, билікте әйелдердің үлесі бойынша Қазақстан 65-орында тұрақтаған.
«Дегенмен, білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес салаларында және мемлекеттік-экономикалық мүмкіндіктердегі әйелдердің үлес саны бойынша, Қазақстан көш басында келеді және 20-орынды иеленіп отыр», - деді ол.