Қазақстан гендерлік теңдіктің әлемдік рейтингінде 8 ұстанымға көтерілді
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан гендерлік теңдіктің әлемдік рейтингінде 8 ұстанымға көтерілді.
Бұл туралы бүгін елордада «ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жағдайындағы әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында өткен халықаралық конференция барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі Рашида Нәубетова мәлім етті.
2010 жылы Қазақстан гендерлік теңдік рейтингі бойынша 41 орынға ие болғандығын атап өткен ол: «Енді ол көрсеткіш одан да жақсарды. Ағымдағы жылғы сәуірдің басында «Social Watch» халықаралық ұйымы 2012 жылға арналған гендерлік теңдік индесін жария етті. Онда Қазақстан ТМД бойынша көршілес елдерді артқа тастап, 33 орынды иеленді. Яғни, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біздің рейтинг 8 ұстанымға жақсарды», - деді ол.
Оның пайымынша, мұндай нәтижеге ҚР Президенті Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткізе алдық.
Конференция жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Шараның мақсаты - Қазақстан Үкіметі мен халықаралық әріптестердің Қазақстанда әйелдер көшбасшылығын ілгерілету саласында жүргізген жұмыстарының қорытынысын шығару және болашақта атқарылатын жұмыстарды талқылау