14:42, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстан Германия құрамасымен екінші матч өткізеді
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Германия құрамасымен екінші матч өткізеді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Қазақстанның футбол федерациясынан мәлім еткендей, 27 наурызға қараған түні, сағат 01.45-те Нюрнбергте 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Германия-Қазақстан матчы өтеді. Ойындар «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі.
«Бұл, Қазақстан футбол федерациясы басшылығының 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Германия-Қазақстан матчының ТВ-құқығын иеленушілермен сәтті келіссөздерінің арқасында мүмкін болды», - делінген таратылған баспасөз хабарында.