Қазақстан-Германия Президенттері Global Gateway стратегиясына Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан-Германия Президенттері Global Gateway стратегиясына Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақордада Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан-Германия Президенттері Global Gateway стратегиясына Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқылады
Фото: senate.parlam.kz

«Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне баса назар аудардық,. Бұл саланың келешегі зор. Қазір Еуропа одағында Global Gateway стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық. Біз жасыл энергетика, аса маңызды шикізат, арнайы экоономикалық, аймақ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа саладағы байланыстарды нығайту жолдарын қарастырдық. Себебі бұл бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту туралы пікір алмастық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.