Қазақстан Германияға 2 млн тоннаға дейін мұнай жеткізуді жоспарлауда

Қазақстан Германияға жылына 2 млн тоннаға дейін мұнай жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

мөз
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Шынымен де Германия мұнай өңдеу зауыттары операторлармен уағдаластық бойынша Қазақстан бұған дейн активтерді немістің мұнай өңдеу концернінің басқаруына берген болатын. Олармен келісімге сәйкес біз Германияға Қазақстан мұнайының сынама экспортын жүзеге асырдық. Мұнай сапасы белгіленген параметрге сай келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға мемлекеттік сапары барысында герман тарапы қазақстандық мұнайдың жеткізу көлемін ұлғайтуға қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта келіссөздер, Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы кедергісіз тасымалдау бөлігінде ресейлік тараппен келісу жүріп жатыр», - деді министр.

Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, әзірше Германияға жылына 2 млн тоннаға дейін мұнай жеткізу мәселесі сөз болып отыр. Ал оның нақты көлемі келіссөздер аяқталған соң анықталады.