Қазақстан Германияға 993 мың тонна мұнай жеткізді

қазмұнайгаз
Фото: kmg.kz

«ҚазТрансОйл» 2023 жылдың қорытындысында Германияға 993 мың тонна Қазақстан мұнайын жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

«2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық мұнайды одан әрі Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу бекетіне қарай тасымалданған көлем 993 мың тоннаны құрады. Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың қаңтарында Германияға одан әрі жеткізу үшін 100 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр», - делінген «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы таратқан ақпаратта.

Компания мәліметінше, 2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу пунктіне 1,2 миллион тоннаға дейін Қазақстан мұнайын жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram