Қазақстан гимнасшылары Өзбекстанға есе жіберіп, алтыннан айырылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан әйелдер құрамасы финалда өнер көрсетті. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

азиада
Фото: olympic.kz

Қазақстандық команда 317,100 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алтын жүлде 324,800 ұпай жинаған өзбек спортшыларына бұйырды.

Қытай құрамасы қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы атынан Елжана Тәниева, Милана Парфилова және Эрика Жайлауова өнер көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстан делегациясы үшін Азия ойындарының бұл медалі жалпы есепте 68-ші және 18-ші күміс медаль болды.