Қазақстан Гонконгке бие сүтін жеткізе бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгке май мен құрғақ бие сүтін жеткізу басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Гонконгке бие сүтін жеткізе бастады

«Қытайдағы сервистік қолдау аясында 40 қазақстандық өндірушінің таныстырылымы ұйымдастырылды. Жеке бизнес ретінде отандық компаниялардың азық-түлік өнімдері арқылы Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және Үрімжіде Қазақстанның сауда үйлері ашылды. Гонконгке май мен құрғақ бие сүтін жеткізу басталды», - деді министр.

Ж. Қасымбектің айтуынша, Қытай нарығына бизнес тарапы үлкен қызығушылық танытып отыр. Бүгінгі күні өңделген өнімдердің экспорты көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құрады, оның 123 млн АҚШ  доллары дайын өнім экспортына келеді.

 Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан экспорттаушы елдердің ішінде 52-ші орынға ие. Барлығы әлемнің 113 еліне 800-ден астам өндірістік өнім шығарамыз.