Қазақстан Гранаткин мемориалы матчында Словакиямен тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 18 жасқа дейінгі футбол құрамасы Гранаткин-2017 мемориалының алғашқы матчында Словакиямен 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Гранаткин мемориалы матчында Словакиямен тең түсті

Қазақстанның U-18 құрамасының бастапқы құрамы: Устименко, Аманжол, Қашкен, Кузнецов, Кусяпов, Жақсылық, Кан, Орал, Пайруз, Саюнов, Сейдахмет.

Матч барысындағы еліміздің ең үздік футболшысы ретінде Тағат Кусяпов танылды.

Сәрсенбі күні Астана уақытымен сағат 15:00-де Қазақстан Әзербайжан құрамасымен ойнайтын болады.