Қазақстан ғылымы туралы жаңа энциклопедия шығады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС биыл 10 томдық Қазақстан ұлтық энциклопедиясын интернет желісіне кіргізуді бастамақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Энциклопедиясыз мемлекет - мемлекет емес деген жақсы қағида бар. Қазақ энциклопедиясын әлемдік ақпарат кеңістігіне шығару үшін биылдан бастап интернет желісіндегі баспа өнімдерінің цифрлық нұсқасы жасалады. Оны 1998-2007 жылдардың аралығында жарық көрген Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан бастамақпыз. Биыл сондай-ақ, өткен жылы алғашқы томдары жарық көрген «Қазақстан табиғаты» мен «Балалар энциклопедияларының» 2-ші томдары және «Қазақстан ғылымы» энциклопедиясының алғашқы томы жарық көреді», дейді «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің жаңадан тағайындалған бас директоры Бауыржан Жақып. Оның айтуынша, 1967 жылы қалыптасқан және қазіргі таңда дамудың сара жолына түскен Қазақ энциклопедиясы ұжымының алдына жаңа бір бетбұрысты кезең келді. Сол себепті алдағы уақыта енді салалық және белгілі бір тұлғалар туралы энциклопедиялар мен сөздіктерді шығаруға ерекше мән берілмек.
Соңғы жаңалықтар