Қазақстан халал-туризм үшін тартымды ТОП-20 елдердің қатарына кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы халал-туризм үшін тартымды елдер рейтингінде 16-шы орынды иеленді. Зерттеуге қауіпсіздік, тағам сапасы, намазды еркін оқу мүмкіндігі мен басқа да өлшемдер бойынша 130 ел қатысты.
Зерттеуді CrescentRating агенттігі жүргізді.
Бірінші орында - Малайзия (81,9), сосын Біріккен Араб Әмірлігі (74,7), үшінші орында Түркия (73,9) тұр.
Бірінші ондықта Индонезия (70,6), Катар (70,5), Сауд Арабиясы (70,4), Оман (70,3), Сингапур (68,4), Марокко (68,3), Иордания (65.4) елдері бар.
Қазақстан (63,3) Иран мен Мысырдың арасында рейтингте 16-шы орында тұр.
ТМД елдерінен Қырғызстан 25-ші, Тәжікстан 26-шы орында.