Қазақстан халықаралық аренада кімдермен соттасып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Әділет вице-министрі  Даниель Ваисов Қазақстанның құзырлы органдары халықаралық аренада қандай ұйымдармен соттасып жатқаны туралы толыққанды мәлімет берді.

Қазақстан халықаралық аренада кімдермен соттасып жатыр
Фото: freepik.com

- Қазіргі таңда Әділет министрлігінің қарамағында 21 іс бар. Оның ішінде 13 іс халықаралық төрелікте, - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Әділет министрлігінің қосымша мәліметіне сүйенсек, халықаралық төрелікте қаралып жатқан істердің тізімі мынандай:

- «Big Sky Energy Corporation»;

- «World Wide Minerals»;

- «Alhambra»;

- «Alhambra II»;

- «Victoria Oil&Gas»;

- «Gold Pool»;

- «Е. Белавин Қазақстанға қарсы»;

- «As Windoor»;

- «Қашаған бойынша салық дауы»;

- «Stati»;

- «Todini-3»;

- «Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті F&A Road Construction (Фермак) Қазақстанға қарсы»;

- «Титан» Қазақстанға қарсы».

Тағы 6 іс шетелдік соттарда қаралып жатыр:

- «АҚШ-тағы азаматтық іс (Ф.Сатер)»;

- «Madima s.r.l.»;

- «Е. Амирханов Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарсы»;

- «Л.Храпунова», «Риал-Пром Груп», «Aktau Petrol»).

Сондай-ақ 2 іс сотқа дейінгі талқылауда жатыр.

- Бұл 21 істің ішінде 7 дау аяқталу сатысында тұр немесе аяқталған, - деді ол.

Вице-министр осы санаттағы істерге жеке-жеке тоқталды.

Айтуынша, 26 қыркүйекте ҚР Елшілігінің және екі италиялық компаниялардың («Madima s.r.l.» ) арасындағы дауды түпкілікті реттеу туралы үшжақты бейбіт келісімге қол қойылған. Келіссөздердің нәтижесінде бастапқы талап-арыздың сомасын шамамен 20% азайтып, бюджет қаржысы үнемдеген.

Ал маусым айында Нью-Йорк қаласының Оңтүстік округіндегі АҚШ аудандық сотының алқабилері Феликс Сатерге, Bayrock Group, Inc, Global Habitat Solutions және MeM Energy Partners LLC қатысты барлық үш талап бойынша (мүлікті заңсыз иемдену, негізсіз байыту және ақша қаражатын алу туралы) Алматы қаласы әкімдігінің (ҚР Әділет министрлігі) және «БТА Банк» АҚ пайдасына үкім шығарды. Алқабилер 32 миллион доллардан астам шығынды өтеу үшін сұралған сомадан асатын өтемақы тағайындаған.

28 тамызда ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мен «F&A Road Construction» арасында дауды реттеу туралы келісім жасалды.

Келісімнің талабына сәйкес «F&A Road Construction» 5,9 млрд теңге мөлшерінде аванстық төлемді қайтаруға, сондай-ақ төрелік бойынша Министрлік шеккен барлық шығысты өтеуге міндеттенген.

Бельгия Халықаралық соттың Израиль премьерін тұтқындау шешімін қолдағанын жазған болатынбыз.