Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Фото: Ақорда

Ал Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.

— Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды, — делінген Ақорда хабарламасында. 

Айта кетелік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мерейтойлық медальдармен марапатталған еді.

Соңғы жаңалықтар