15:43, 29 Қаңтар 2025 | GMT +5
«Қазақстан халқына» қоры үш жылда 100-ден астам бағдарлама мен жобаға бастамашы болған
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында үш жылдағы жұмыстың басты нәтижелерін атады.

- «Қазақстан халқына» қоры біржолғы көмек көрсету үшін ғана емес, көптеген жылдар бойы назардан тыс қалған жүйелі мәселелерді шешу үшін құрылған. «Қазақстан халқына» қоры 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобаның бастамашысы болды. Оның 62-сі аяқталды. Оларды іске асыруға 240 млрд теңге бөлінді, - деді Болат Жәмішев.
Қазір қорда 252 млрд теңге бар көрінеді. Қор алғашқы екі жылда қайырымдылық көмекке 186,5 млрд теңге, 2024 жылы 96,6 млрд теңге жұмсаған.
Еске салсақ, былтыр тамызда «Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлген еді.