Қазақстан халқы 18 млн 195 мың адамды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқының саны 18 млн 195,9 мың адамды құрады. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті келтіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан халқы 18 млн 195 мың адамды құрады

Аталған ведомство мәліметінше, 2018 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18195,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 10452,3 мың (57,4%), ауылдықтар - 7743,6 мың адам (42,6%). 2017 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өсті.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейінгі 587 (2017 жылғы қаңтар-ақпан - 541) нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 8,5 % кеміді. 2018 жылғы қаңтар-ақпан нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,31 (8,86) құрады.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы  қаңтар-ақпан 261 (260) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 44,5 пайызын (48,6%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 138 (122) немесе 23,5% (22,6%), тыныс органдары ауруларынан - 53 (40) немесе 9,0% (7,4%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 23 (40) немесе 3,9,% (7,4%) нәресте қайтыс болды.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанға келгендер саны 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 17 пайызға кеміді, Қазақстаннан кеткендер саны 32,3 пайызға артты.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 77,2 және 88,1 пайызды құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 38,4 пайыз кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 2 өңірінде байқалды: Астана (3127 адам) және Алматы (6668 адам) қалаларында.