Қазақстан халқы Ассамблеясы апатта қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы "Көкшетау - Алматы" әуе рейсін орындаған ұшақ жолаушыларының туған-туыстарына көңіл айтады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы апатта қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

"Қазақстан халқы Ассамблеясы Көкшетау - Алматы әуе рейсін орындаған ұшақтың апаты, оның экипаж мүшелері мен жолаушыларының қазасы туралы хабарды қайғыра қабылдады. Марқұмдардың отбасы мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", - делінген ҚХА хабарламасында.