14:35, 19 Қаңтар 2011 | GMT +5
Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасарлары сайланды
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасарлары сайланды.

Бүгін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясы елордалық филиалының кезекті ХІІ сессиясы өтті. Оған қаладағы Этно-мәдени бірлестіктің мүшелері мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Бірауыздан қабылданған сайлау нәтижесі бойынша Кіші Ассамблея төрағасының ағымдағы жылғы орынбасарлары болып: «Алеф» еврей мәдени-ағартушылық қоғамдық-саяси бірлестігінің төрағасы Моисей Гольденберг пен «Қырғызстан-Астана» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов сайланды.
Айта кетейік, бүгінде Астанада 130-ға жуық ұлт пен этнос өкілдері тұрады. Қалада 20 этно-мәдени бірлестік пен жексенбілік 12 мектеп жұмыс істейді.