12:46, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының қатысуымен өтетін ХХ мерейтойлық сессияда өз жұмысын қорытындылайды
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 24 сәуір күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының жұмысына қатысады.
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Сессияның негізгі тақырыбы - «Қазақстан 2050» Стратегиясы: Бір халық, бір ел, бір тағдыр». «Сессия жұмысы барысында Ассамблея 18 жылдық қызметін қорытындылап, көпұлтты елдің дамуы мен жаңа саяси бағыт тұрғысында болашақтағы өз басымдықтарын айқындауға бел буып отыр»,- деп атап көрсетті А. Әбибуллаев.
Айта кеткен жөн, шара аясында Ассамблеяның барлық аймақтық өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан - біздің ортақ үйімізз» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылады.