Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан қоғамының маңызды институттарының біріне айналды - Н. Назарбаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісімді, тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқаруда. Ассамблеямен барлық қазақстандықтар мақтана алады. Ассамблея биыл 15 жылдығын атап өтеді. Ол осы жылдар ішінде әлемдегі барлық халықтар үшін үлгі бола алатын органға айналды», деді Президент.
Елбасы Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы ұлтаралық және этникааралық толеранттылықтың жарқын символдарының біріне айналғанын атап көрсетті. «Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездері өткізілуінің арқасында біздің елордамыз әсем Астананы бүгінде бүкіл әлем біледі, оған үмітпен қарайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездері әлемнің бірде-бір елінде жоқ бірегей жиналыс. Бұндай съездер біздің елімізде өткізіліп жатқанының өзіндік себептері бар. Себебі біз көпұлтты, көп конфессиялы ел бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатынын және өздерінің діни мұқтаждықтарын еш алаңсыз, ешкімнен қорықпай жасай алатынын жарқын мысалымызбен дәлелдеп отырмыз. Ал, әлемде халықтарға тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермей отырған сансыз қантөгістердің, қақтығыстардың мысалы жетерлік», деді Н. Назарбаев.