Қазақстан халқы Ассамблеясы Л. Гумилев атындағы диплом тағайындайтын болды

АНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы Л. Гумилев атындағы құрмет дипломын тағайындайтын болды. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылар мен журналистер клубының отырысында мәлім болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Л. Гумилев атындағы диплом тағайындайтын болды

«Еліміздегі ұлтаралық мәселелер тұрғысынан атқарылып жатқан көптеген мәселелерді, ұйымдастырылып жатқан шараларды саралай келе бізге Л. Гумилев атындағы жаңа диплом тағайындау туралы ұсыныстар келіп түскен болатын. Соның негізінде аталмыш шараны жүзеге асыру мақсатында бұндай алғашқы дипломды Еуразия ұлттық университетіне тапсыру туралы шешім қабылдадық», - деді жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов.