12:27, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Қазақстан халқы Ассамблеясы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай шара өткізеді
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы мамырдың 27-30-ы аралығында мамырдың 31-і - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай шара өткізеді.
Олар Достастық елдері тарихшыларының «Тарихтан қазіргі заманға дейін» атты форумын (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), «Тарих тұтастығы мен еуропалық кеңістік халықтарының топтасуы» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысын өткізуді жоспарлап отыр (АЛЖИР» мемориалды мұражай кешені).