Қазақстан халқы Ассамблеясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар өткізуде

СТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылғы мамырдың 27-30-ы күндері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - мамырдың 31-іне орайластырылған шараларды өткізуде.
None
None

Оның аясында Достастық елдері тарихшыларының «Тарихтан қазіргі заманға дейін» форумы (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), «Тарих пен тағдырлар ортақтығы - еуразиялық кеңістік халықтары топтасуының факторы» дөңгелек үстелінің отырысы (АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені) өткізіледі.

Шаралар ТМД қатысушы-мемлекеттері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қамқоршылығымен «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық жобасын жүзеге асыру ауқымында ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар