15:59, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Қазақстан халқы Ассамблеясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар өткізуде
nbsp;АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы 2010 жылғы мамырдың 27-30-ы күндері Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - мамырдың 31-іне орайластырылған шараларды өткізуде.
Оның аясында Достастық елдері тарихшыларының «Тарихтан қазіргі заманға дейін» форумы (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ) өткізілді, «Тарих пен тағдырлар ортақтығы - еуразиялық кеңістік халықтары топтасуының факторы» дөңгелек үстелінің отырысы (АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені) ұйымдастырылады.
Шаралар ТМД қатысушы-мемлекеттері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қамқоршылығымен «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық жобасын жүзеге асыру ауқымында ұйымдастырылуда.