Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ҚХА Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасының орынбасарлары ретінде Любовь Ни мен Олег Дымовты тағайындау туралы өкімге қол қойды.
«Оларға Ассамблея игілігі үшін жемісті жұмысты тілейміз және еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қызмет етсін»,-деді Президент
Осы орайда Мемлекет басшысы осыған дейін орынбасарлықта болған Анатолий Башмаков пен Александр Смирновқа Ассамблеяда атқарған үлкен жұмыстары үшін алғысын білдірді