Қазақстан халқы ассамблеясы ұлттық тарихты зерттеп және насихаттау жобалары бойынша жұмыс істеуде

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы ассамблеясы (ҚХА) ұлттық тарихты зерттеп және насихаттау жобалары бойынша жұмыс істеуде.

Қазақстан халқы ассамблеясы ұлттық тарихты зерттеп және насихаттау жобалары бойынша жұмыс істеуде

Осы және басқа да мәселелер бүгін ҚХА-ның сарапшылар кеңесінде талқыланды.

Сарапшылар отырыс барысында ҚХА төрағасының орынбасары-ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановқа көпұлтты Қазақстанның ұлттық тарихына деген жаңаша көзқарастар мен ассамблеяның басқа да

бастамалары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Отырысқа ҚХА кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен тарихшылар қатысты. Айта кету керек, жиын Астананың 15 жылдығына арналған АӨІСШК елдерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы аясында ұйымдастырылды.