Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлысаралық қатынастарды үйлестіруде зор рөл атқаруда - Мәжіліс төрағасы О.Мұхамеджанов

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - 1995 жылы ел Президентінің бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлысаралық қатынастарды үйлестіруде және қоғамды топтастыруда институционалдық деңгейде үлкен рөл атқаруда.
None
None

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов ҚХА мүшелерімен кездесу барысында айтты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы өзі құрылған сәттен бастап елімізде тұратын барлық ұлыстар мүдделерінің қажетті тепе-теңдігін қамтамасыз етіп отырған Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементіне айналды», - деді О.Мұхамеджанов.

Спикер «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобына біріккен халық қалаулылары елдің заңнамалық базасын жетілдіруде «Нұр Отан» ХДП-ның депутат-мүшелерімен бірге белсенді жұмыс жасай отырып, жоғары заңнамалық орган мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып отырғанын атап өтті.

Кездесуде Мәжілістің вице-спикері Владимир Бобров, ҚХА төрағасының орынбасары- хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ ҚХА төрағасының орынбасары Юрий Тимощенко, ҚХА-дан Мәжіліс депутаттары және Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері сөз сөйледі. Қонақтар депутаттармен бірге парламенттік ғимараттарды аралап көрді және естелік ретінде суретке түсті.

Кездесу барысында сөйлеген Ассамблея мүшелері өз аймақтарындағы істің жайы, этномәдени бірлестіктердің жетістіктері және бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Соңғы жаңалықтар