Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліске ұсынылған кандидаттарға кімдер дауыс берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, бүгін дауыс бергендердің арасында Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, елорда әкімі Алтай Көлгінов бар.

Сонымен қатар ұсынылған кандидаттарды сайлауға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БалаеваБілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс беріледі. Оған ҚХА мүшелерінің қатысуы ескерілген. Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымнан құралған ҚХА мүшелерінің делегациялары қатысып жатыр.

2020 жылдың 24 желтоқсанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліске ҚХА атынан сайлауға түсетін 9 депутатты тіркеген еді.



Соңғы жаңалықтар