Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар бірнеше кездесулер өткізеді

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ақпанның 9-ынан 18-іне дейінгі аралықта Парламент Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері – Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар бірнеше кездесулер өткізеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында аймақтық іссапарда болады. Іссапар барысында депутаттық топ мүшелері елдегі жалпы экономикалық жағдай, халықты әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жергілікті тұрғындарға түсінік беріп, пікір алмасады. Сонымен қатар этномәдени ұйымдардың өкілдерімен кездесу, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңының орындалу барысы, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының атқарған іс-шаралары туралы баяндайды. Елдегі жалпы этносаралық қатынастардың жағдайын талқылайды.
Соңғы жаңалықтар