Қазақстан халқы ассамблеясының алғашқы кафедрасы ашылды
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан халқы ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді. Оның аясында ел тарихында алғаш рет Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ашылды.
Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасын ашудың басты мақсаты - мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, елдің қоғамдық-саяси тұрақтылығы негізінде студенттік жастарды шыдамдылыққа шақыру, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың әріптестігін нығайту. Қазақстан халқы ассамблеясы алғашқы кафедрасына ҚР Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков жетекшілік етпек.