Қазақстан халқы Ассамблеясының біздің қоғамымыздағы беделі мен оның еліміздегі бейбітшілік пен келісімді күшейтудегі ықпалы айтарлықтай жоғарылай түсті
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының біздің қоғамымыздағы беделі мен оның еліміздегі бейбітшілік пен келісімді күшейтудегі ықпалы айтарлықтай жоғарылай түсті.
Бұл туралы бүгін Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемдік қаржы дағдарысының салдарына қарамастан қоғамдық пікірдің сауалнамасы мәліметі бойынша Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастардың тұрақтылығы сақталуда. Осы орайда бұған қазақстандықтардың бекем оптимизмі ықпал етуде», деді Қ. Саудабаев.
Министрдің айтуынша, жүргізілген сауалнамаға қарағанда наурыз айымен салыстырғанда шілде айында ертеңгі күніне сеніммен қарайтындардың үлесі 11,6 пайыздан 18,5 пайызға дейін өскен. Жағдайдың түзелуіне үміт артатындардың саны 57 пайыздан 59,4 пайызға дейін жоғарылаған.
Сондай-ақ күдікпен қарайтындардың үлесі 20,6 пайыздан 15,6 пайызға дейін төмендеген. Осы орайда Қ. Саудабаев қазіргі кезде әлеуметтанушылардың еліміздегі бейбітшілік пен келісімге азаматтардың оң көзқарасын жоғары бағалап отырғанын атап өтті.