Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысы өткізіледі

АСТАНА. ҚАзАқпарат - Бүгін, 26 қазанда сағат 15-00-де Парламент Мәжілісіндегі Конференц-залда Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысы өткізіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысы өткізіледі

Бұл туралы parlam.kz сайтында хабарланды.

Депутаттар алдында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов сөз алып кәсіпкерлікті дамытудың 10 қадамы туралы жан-жақты айтып береді.