Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы Астанада 18 сәуірде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтеді. Бұл туралы тиісті Өкімге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы Астанада 18 сәуірде өтеді

Сессияның күн тәртібіне «Қазақстан-2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбы ұсынылып отыр.