Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне ауыл тұрғындары да қызығушылық танытып отыр

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан атқарылатын шараларға атсалысуға ауыл жастары ниет танытып отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне ауыл тұрғындары да қызығушылық танытып отыр

 Бұған ағымдағы жылдың шілде айында Ауыл жастарының одағымен ұйымдастырылған шаралар барысында көз жеткіздік. Бұл туралы бүгін бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген мәжілісінде Ассамблея төрағасының бұрынғы орынбасары Виталий Свенцицкий мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның  айтуынша, қазір Ассамблея мүшелері тек қалалық аумақтарды ғана емес, ауылдық жерлердегі азаматтармен де жұмыс істегендері дұрыс. «Басқаша айтқанда, ауылдар мен аудандарда Қазақстан  халқы Ассамблеясының құрылымдарын құру қажет. Өйткені біздің қызметімізге қазір ұлттық және жас ерекшеліктеріне қарамастан қызығушылық танытып отырғандар жетерлік. Мен жақында ғана Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында және оған қарасты Ақжайық және Шағай ауылдарында болдым. Ондағы тұрғындардың барлығы

да Ассамблея қызметіне қызығушылық танытты. Олар бейбітшілік пен келісімге бағытталған осы қызмет үшін Мемлекет басшысына да, бізге де алғыстарын білдіріп жатты. Сондай-ақ  мемлекеттік тілді дамытуға қатысты өздерін алаңдататын мәселелер жөнінде де пікірлерін білдірді. Бұл - тіл мәселесіне байланысты жүзеге асыруға тиісті міндеттерге қалың көпшіліктің түсіністікпен қарап отырғандығының белгісі», деді Виталий Свенцицкий.