Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясынан жаңа көкжиектер күтеміз - Еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығының президенті А.Барон
quo;Біздің мәдени орталық Ассамблеяның барлық мүшесі сияқты 15-ші мерейтойлық сессиядан жаңа қызықты оқиғалар, қандай да бір жаңа көкжиектер күтеді»,
- деді ҚР «Мицва» еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығының президенті, орыс тілді еврейлердің бүкіләлемдік конгресінің құрлықтық сециялар кеңесінің мүшесі, Еуро-Азиялық Еврей Конгресі Бас кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастармен жұмыс комиссиясының төрағасы Александр Барон.
Оның айтуынша, сессияда сөз берілсе, өздерінің жетістіктері туралы айтумен қатар, басқа ұлттық-мәдени орталықтар қалай жұмыс істеп жатқанын білгісі келеді. «Басқалардан да үйренетін нәрсе аз болмауға тиіс, - деді ол. - Біз Мемлекет басшысының алдымызға қойған, толеранттықты дамыту, көпұлтты қоғам құру жөніндегі барлық тапсырмаларын мүлтіксіз орындаймыз».
Елдің барлық еврей ұлттық-мәдени ұйымдарының басын қосқан «Мицва» қауымдастығы 1992 жылы құрылды. 1999 жылы ҚР Еврей Конгресі құрылды, ол «Мицва» қауымдастығымен бірге елдің 15 еврей ұлттық бірлестіктерін, 13 «Хэсэд» қайырымдылық ұйымын және 13 еврей қауымдары орталығының қызметін үйлестіріп отырады.