Қазақстан халқы Астана қалалық Ассамблеясының 13-ші сессиясы өтті

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сайлау нәтижесі бойынша, Республикалық ұйғыр мәдени орталығы филиалының басшысы Мұрат Тоқтыбақаев пен Қазақстанның корейлер қауымдастығы филиалының басшысы Александр Ким төраға орынбасарлары болды. Сондай-ақ сессия нәтижесінде қорытынды резолюция қабылданып, ол бойынша түрлі этнос өкілдері әрі қарай да қазақстандық қоғамдағы толеранттылықтың дамуына ықпал етуге міндеттеме алды.
Кезекті сессия жұмысын аша отырып, Астана қаласының әкімі, Қазақстан халқы қалалық Ассамблеясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов бұл институттың ел өмірінде алар маңызды рөліне тоқталып өтті.
Әкім атап көрсеткендей, бүгінде елорда тұрғындарының қауымдастығын 130-дан астам этностар мен ұлыстардың өкілдері құрайды. «Олардың көпшілігі өзінің этномәдени бірлестіктерін құрды. Олардың саны қазір - 27-ге жетті. Онымен бірге, 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Мұның барлығы этникаралық қатынастарды, дәстүрлі мәдениет пен елдің мемлекеттілігін одан әрі дамытуға берік іргетас қаланғанын білдіреді», - деді ол.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, Елбасының шынайы іске асқан жобасы болып табылатын - Астана, жаңа саяси және қоғамдық бастамалардың орталығына айналып, Қазақстан үшін ғана емес, шет мемлекеттер үшін де даму мен бір-біріне деген толеранттылық қарым-қатынастың үлгілі моделі болып отыр. Тәуелсіздіктің 20 жылында тұрақтылық, бірлік пен бейбітшілік еліміз қол жеткізген жетістіктердің басты кепілі болды.