Қазақстан халқы азаматтық міндетін орындауға жауапкершілікпен кірісті - Ричард Вайц

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда сайлауды ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы «ҚСЗИ GPS» сараптама алаңының отырысында Гудзон институты әскери-саяси талдау ортылығының директоры Ричард Вайц мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жалпы, байқаушы ретінде Алматыдағы 20 сайлау учаскесінде болдым. Осы орайда, қаланың түрлі бөліктерін, аудандарын көргім келгендіктен, университеттер мен адамдар көп жұмыс істейтін аймақтарды аралауға тырыстым. Көп жағдайда бірнеше сайлау учаскесі бір-біріне жақын болды, сондықтан олардың барлығына бардым. Бұл учаскелерге келген адамдардың азаматтық борышын жауапкершілікпен атқарғаны мені таңдандырды.

Сонымен қатар, сайлау учаскелерінің қызметкерлері өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарады. Сондықтан бұл сайлауды ұйымдастыруға қатысты барлығы өте жоғары деңгейде өткенін атап өткен жөн. Байқаушыларға қолайлы жағдай жасалды», - деді Ричард Вайц.

Сарапшының пайымынша, ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда Қазақстанда тең жағдай жасалды.


Соңғы жаңалықтар