Қазақстан халқы еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп санайды - Ғалым Шойкин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың басым бөлігі еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп санайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлім етті.

Қазақстан халқы еліміздегі діни ахуалды тұрақты деп санайды - Ғалым Шойкин

«Еліміздегі діни ахуалға тоқталатын болсақ, бұл жағдай бізде тұрақты. Мемлекет пен конфессиялар арасындағы, сондай-ақ конфессиялар арасындағы өзара қатынастар сындарлы мәнге ие. Бүгінде халқымыздың басым бөлігі діни жағдайды тұрақты деп бағалауда және осы салада мемлекеттің саясатын қолдайды», - деді ол.

Осы орайда ол еліміздегі түрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасында тиімді өзара іс-қимыл мен бейбіт қатар өмір сүруге қолайлы жағдай қалыптасқанын атап өтті.

«Бұл өз кезегінде Қазақстанда діни жағдайдың тұрақтылығына ықпал етуде», - деп түйді Шойкин.