Қазақстан халқы форумы 2015 жылдың 1 наурызында өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылдың бірінші наурызында Қазақстан халқы форумы ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан халқы форумы өткізіледі. Оны ұйымдастыру датасы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қалыптасқан күнді, яғни 1 наурызды белгілеуді ұсынамыз», - деді министр. Осы орайда ол Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, еліміз Конституциясының 20 жылдығы болып жарияланғанын еске салып өтті. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және ҚР Конституциясының жиырма жылдығын өткізу бойынша ауқымды іс-шаларды ұйымдастыру мақсатында Жалпы республикалық ұлттық жоспар әзірленетін болады.

Соңғы жаңалықтар