Қазақстан халқы Н.Назарбаевқа қалтқысыз сенеді - «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ғ.Нығыметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мен бағдарлама түлегі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдаймын, деп мәлімдеді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов.
- Қазақстанның әлемдік аренада мойындалуы Мемлекет басшысының басшылығымен тәуелсіздіктің елең-алаңында басталған көптеген жүйелі реформалардың арқасында болды. Посткеңестік кеңістік елдері тарихында алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен талантты жастардың шетелдерде білім алу мүмкіндігі ашылды. «Болашақ» стипендиясы оның түлектерінің мансаптық ойдағыдай өсуіне және ксәіби білімдерін жүзеге асыруына жол ашты. Бүгінде «Болашақ» қазақстандық еңбек нарығының жоғары білікті кадрларға деген мұқтажын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олар алған білімдері мен озық шетелдік тәжірибені іс жүзіне асыра алады. Сондықтан да бағдарлама түлегі ретінде мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлау өткізу жөніндегі ұсынысын толығымен қолдаймын, ел халқы өз Президентіне қалтқысыз сенеді», - деді «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Monterey Institute of International Studies, США).