Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауда
қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. Осы орайда Қазақстанда кеңінен аталып өтілетін бұл мереке неге 1 желтоқсан күніне белгіленді деген заңды сұрақ туындайды. Расында, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түскен отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді. Бұл күн тарих сахнасына тәуелсіз ел ретінде көтерілген Қазақстанның саяси өмірінде ерекше мәнге ие болып, айтулы датаға айналды. Оны ұрпақ жадында берік сақтап, тәуелсіздігіміздің іргетасын нығайтқан елеулі тарихи оқиға ретінде терең бағалай білуіміз үшін бұл мерекенің маңызы зор.
Жалпы, Тәуелсіз Қазақстанның дүниеге келуінің ұлы шежіресі бірқатар тарихи кезеңдерден тұрады. Олар: 1990 жылдың сәуірі - Н.Назарбаевты Республика Президенті лауазымына тағайындау, 1990 жылдың қазаны - Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация, 1991 жылдың тамызы - Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және Республикалық егемен алтын-валюта қорын құру, 1991 жылдың желтоқсаны - алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау, біздің мемлекетміздің жаңа атауы туралы шешім қабылдау, 16 желтоқсан - «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдау, 1993 жылдың 15 қарашасы - өзіміздің ұлттық валютаны және қаржы жүйесін енгізу. Бірақ, Елбасымыз Н.Назарбаев айрықша атап өтетін Тәуелсіздік жолындағы шежіреде Қазақстан халқы сол бір тағдыршешті кезеңде жүріп өткен үш шешуші тарихи белес бар. Оның біріншісі - біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі - Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылуы. Екінші белес - 1991 жылдың 1 желтоқсанында біздің халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы. Үшінші белес - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы.
Айта кетейік, бұл күн мемлекеттік мереке ретінде жалпыхалықтық деңгейде 2012 жылдан бері тойланып келеді.