Қазақстан халқы ұялы телефондармен екі есеге ұзақ сөйлесіп жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы ұялы телефондармен екі есеге ұзақ сөйлесіп жүр. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мәліметінде хабарланды.
«Ұялы байланыс тарифтерін азайту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, соңғы 6 жылда тарифтер 4 есе азайды, ал сөйлесудің минутының орташа құны бүгін жалпы 5 теңгені құрап отыр. Сонымен бірге сөйлесудің орташа ұзақтығы екі есеге, яғни 114-тен 205 минутке дейін ұлғайды. Байланыс операторларының өздері де бәсекелестерінің қысымымен жаңа абоненттерді тарту және бар абоненттерді сақтап қалу үшін тарифтерді өздігінше төмендетуде», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде. Бүгін «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысының барысында ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Голобурданың сөзіне қарағанда, 2010-2015 жылдар кезеңінде интернет желісіне кең жолақты қосылу қызметінің құны 4 есеге төмендеді, сонымен бірге қызметтің техникалық сипаттамасы да жақсарды. Бұл кезеңде операторлар арасындағы интерконнект мөлшері 60 пайызға төмендеді және бүгінде минутына ҚҚС-сыз 8 теңгені құрайды, ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап минутына ҚҚС-сыз 5 теңгеге дейін төмендейді.