Қазақстан халқына бірлік пен ынтымақ тілеймін - ардагер лебізі

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан халқына бірлік пен ынтымақ тілеймін.  Бүгін Жеңістің 67 жылдығына орай елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері Айдархан Байкенов осындай лебізін білдірді.
None
None

«Қазақстанымыздың өркендеп, қуатты мемлекет болуын, жастарымыздың әркезде де дені сау болып, елін-жерін сүйетін азамат болып өсуін тілеймін. Олар да біздің жасымызға жетіп, біз сияқты елін-жерін, Отанын сүйсін. Сонымен қатар біздің халқымызда бірлік пен ынтымақ, елімізде тыныштық пен бейбіт өмір болсын деген ниетімді жеткізгім келеді», - дейді қарт майдангер.

Айта кетейік, бүгін Ұлы Жеңіс күнінде Астанада Елбасы Нұрұслтан Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жалпы Қазақстан халқын атаулы мерекемен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар